Genau өнімдерінің барлығына Genau Care премиум қолдауы қолданылады. Бұл сізге ірі габаритті тауарды ешқайда апарудың қажеті жоқ дегенді білдіреді, біз бәрін сіздің үйіңізде өзіміз жасаймыз. Егер тауар габаритті болмаса, онда сервис орталығына апару және қайта әкелу міндеттерін өз мойнымызға аламыз.
Genau компаниясының Қазақстанның 18 қаласында авторизацияланған мамандары бар. Бірақ маман тек қаланың әкімшілік шекаралары шегіне бара алатынын ескеру қажет. Қаладан сыртына бару мүмкіндігі қосымша ақыға жеке келісіледі.
Егер сіздің елді мекеніңізде сервис-орталық болмаса немесе маманның бару мүмкіндігі болмаса, онда біз мәселені қашықтан диагностикалаймыз және сізге өз бетінше ауыстыру үшін жаңа бөлшек пен бейне нұсқаулықты жібереміз. Бұл аз уақытты алады және арнайы біліктілікті қажет етпейді.